Қоғам

Әскери оқу орнының курсанттарын спортқа тарту мәселесі талқыланды

Шынықсаң, шымыр боласың. Әскери адам темірдей тәртіпке бағынады. Темірдей тәртіпті ұстануда спорт маңызды рөл атқарады. Петропавлда шенділердің қатысуымен өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында курсанттардың спортпен айналысу қабілетін жетілдіру туралы сөз қозғалды.

МАҚСАТ НҮСІПОВ, ҚР ҰҰ академиясы “Дене шынықтыру даярлығы және спорт” кафедрасының бастығы:

– Академияда 6 бағыт бойынша дене шынықтыру саласын дамытамыз. Олар: гимнастика, қоян-қолтық ұрыс, бірыңғай кедергілер жолағында жүгіру жаттығулары, жеңіл атлетика, шаңғы және әскери қолданбалы жаттығулар.

Аңсар Мендекеев Ұлттық ұлан академиясының 1-ші курсында оқиды. Бозбала кикбоксинг және қоян-қолтық ұрыспен айналысады. Айтуынша, оқуға дейін шұғылданған спорт түрін академия қабырғасында да жалғастыруға мүмкіндік алған.

АҢСАР МЕНДЕКЕЕВ, ҚР ҰҰ академиясының 1-ші курс курсанты:

– Академияға келмей түрып кикбоксингпен айналысқан болатынмын. Ол спортқа деген қызығушылығымды оятты. Өмірге деген талпынысымды өзгертті. Академия қабырғасында бірнеше спорт түрінің ішінен тағы қоян-қолтық ұрыспен айналысып жүрмін.

Жиынға ел мақтанышы, бокстан Азия чемпионы Наталья Богданова қатысты. Боксшы қыз жастарға спорт – денсаулық кепілі ғана емес, әскерилерге қажет қайсар мінезді де қалыптастыратынын айтты.

 

Мәдина Қаби