Полиция қызметкерлері Мамлют ауданының аңшыларымен кездесті. Мамандар азаматтық қару иелеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Аңшылық оқыс оқиғамен аяқталмауы үшін белгілі бір қағидаларды қатаң ұстану қажет. Яғни, қаруды қапшығына салып тасымалдау керек әрі ішінде оғы болмау қажет, қару иесі өзімен бірге рұқсат құжаттарын да алып жүруі тиіс. Мылтық қойылатын сейфтің дабыс жүйесі болғаны игі, онда қарудан бөлек алтын-ақша сақтауға болмайды. Өйткені, үйге ұры түссе, темір жәшікті орнынан жұлып әкетуі мүмкін. Ал оның ішінде жиған-тергеннің бәрі кетеді.
Сондай-ақ, мамандар аңшыларға сәуірдің 21-інен заңсыз сақталған қаруды қабылдау акциясы өтетінін еске салды. Әрине, өткізілген әр қаруға ақша төленеді.
Құрман Мусин, СҚО ПД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
– Градация идёт, принимается оружие по категориям. Проще говоря, если это 1-я кат., оно должно быть новое, идеальное. Если вы сдадите по 1 кат., вы от государства возмездно получите 393200 тг.
Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған жағдайда адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Бүгінде СҚО-да, нақтырақ айтқанда, 6846 қару иесі бар. Полицейлер мұндай жиынды өңірдің әр ауданында өткізуді жоспарлап отыр.
Данаш Хамза