Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Оған алғашқылардың бірі болып ардагер журналист Қошан Қали сұрақ қойды. Өздеріңіз білетіндей, биыл теріскейдің мандайына біткен нар тұлғасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толады. Халық жазушысының мерейтойы кең көлемде аталып өтілуі тиіс. Сәбеңнің көзін көрген азамат Жүсіп Рахатұлы мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысынан ұйымдастырылатын думанның жоспарын сұрап, тұшымды жауап алды.
ДОСБОЛ ӘБДІРЕЙІСОВ, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
– Облыс әкімінің бастамасымен Сәбит Мұқановтың 125 жылдығын 3 күн бойы тойлауды жоспарлап отырмыз. Бірінші күні думан облыс орталығында өтсе, қалған күндері Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында тойланбақ.
Ойластырылған жоспарды естіген Қошан ағамыз Жүсіп Рахатұлына өзінің ұсыныстарын айтты. Сәбеңнің 125 жылдығын бүкіл ел еститіндей атап өтіп өту үшін қазақ күресінен турнир мен республикалық ақындар айтысын ұйымдастарған жөн, – дейді.
ҚОШАН ҚАЛИ, ардагер журналист:
– Сәбит Мұқановтың 100 жылдығы кең көлемде атап өтілді Юнесконың көлемінде тойлайды. Бүгін Сәбеңнің 125 жылдық тойына арналған жоспарды көрдім. Көңілімнен шықты.
Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қас қарайғанша дейін теріскейліктердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Нұрасыл Ахмет