Қоғам

Саяжайдағы тәртіпті қадағалау үшін полицейлер қайыққа мінді

– Прошу вас обращать внимание на всё. Где-то, может быть, дача открыта, где-то, может быть, животные остались, где-то, может быть, люди остались.

Петропавлда саяжай қауымдастықтарын кешеден бері қайыққа мінген мамандар күзетіп жатыр. Мақсат – суда қайғылы оқиғалардың алдын алу, уақытша бос тұрған саяжайларды күзету және құқықбұзушылықтарға жол бермеу. Еске сала кетейік, бірнеше саяжай қауымдастығының тұрғындары судың келуіне байланысты эвакуацияланған болатын.

– Есть вероятность, что, возможно, будут заходить какие-то лица на лодках, будут заплывать, и население переживает за своё имущество. Вы все знаете, что на сегодняшний день мы организовали охрану 19 дачных обществ.

Есіл бойындағы саяжай аумақтарын күшейтілген режимде патрульдеуге Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздары да септесуде. Еске сала кетейік, бүгінде қалада өзен маңындағы саяжайлар аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеті жұмыс істеп тұр.

 

Мәдина Қаби