Петропавлда тағы да су болмайды. Бұған себеп – “Қызылжар су” серіктестігінің бірінші сорғы станциясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуі. Толығырақ айтсақ, қалада сәуірдің 9-ы кешкі 22:00-де тіршілік көзін беру тоқтатылады. Мамандардың сөзінше, су бір тәулік бойы болмайды. Айта кету керек, шаһар тұрғындары жыл басталғалы осымен 5-ші рет сусыз қалмақ.