Білім

Бескөл мектеп-колледжінің 58 студенті 13 серіктестікте өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

Дуалды оқыту – еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби білікті мамандар даярлаудың ең тиімді форматы. Аталған әдісті облыстағы іргелі кәсіпорын – “Радуга” серіктестігі мен Бескөл мектеп-колледжі бірлесіп жүзеге асыруда. Бүгін “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин аталған кәсіпорында болып, студенттермен кездесті. Жастарға мұнда жұмыс істегендері үшін шәкіртақыларынан бөлек 60 мың теңге жалақы төленеді. Қазіргі таңда оқу орнының 58 студенті қаладағы 13 серіктестікте өндірістік тәжірибеден өтуде. Есжан Оразалиннің айтуынша “Радуга” серіктестігі өңірімізде кадр тапшылығын жоюға зор септігін тигізіп жатыр. Дуалды оқыту аясында тәжірибеден өткен жастар оқуларын аяқтағаннан кейін бірден кәсіпорын фабрикаларының біріне жұмысқа тұра алады.

 

Нұрасыл Ахмет