ТЖ

Тоқсан би ауылының маңында су деңгейі көтерілді

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Біз қазір Қазгидромет өкілдерімен ұдайы байланыстамыз. Синоптик мамандар тұрақты түрде соңғы деректерді жолдап тұрады. Соңғы рет күндізгі 12:00-де хат-хабар алмастық. Екінші толқынның келуіне байланысты кеше Ғабит Мүсірепов ауданындағы Шөптікөл ауылы маңында Есіл өзені көтерілген еді. Бүгін деңгей 3 см төмендепті. Ал Тоқсан би ауылы тұсында керісінше көтерілген. Көрсеткіш бақандай 71 см жоғарылаған.

Есіл ауданында орналасқан Покровка ауылындағы көрсеткіш 875 см құрайды. Мұнда Есіл өзені 1 см көтерілген. Новоникольское елді мекені тұсында 2 см төмендеу байқалады. Облыс орталығында да 1 см өсім тіркелді, ал Петропавл су торабындағы деңгей 2 см көтерілді. Қызылжар ауданындағы Долматово ауылы маңында да 3 см өсім орын алды.

Сергеев су қоймасына жеке тоқталуымыз қажет. Нысанның ернеуінен асқан судың деңгейі әлі 90 см құрайды. Бұл көрсеткіш бірнеше күннен бері сақталып тұр.

 

Байболат Құлтанов