Қоғам

Петропавлда 7 эвакопункт жұмыс істеп тұр

Гидрологтардың пайымдауынша, өңірімізде былтырғыдай тасқын болмайды. Бірақ, облыс орталығына қызыл су келмейді деген кепіл жоқ. Сондықтан, қала әкімдігі болуы мүмкін апатқа ерте қамданған. Қазіргі таңда Петропавлда 7 эвакопункт жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың мүлкін сақтайтын қойма да дайындалыпты.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Ең үлкен эвакопункттер – М.Жұмабаев және Ярослав Гашек көшесінде, ал қалғаны мектептерде орналасқан. Қала маңындағы саяжайлардың 27 пайызын су басуы мүмкін. Өткен аптада қала әкімі қауіп төніп тұрған баспаналардың тұрғындарымен кездесіп, эвакопункттерге көшулерін сұрады. Уақытша орындарда адамдарға бар жағдай жасалатынын айтты.

 

Нұрасыл Ахмет