С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Халықаралық театр күні атап өтілді. “Театр – өмір айнасы” атты музыкалық кеш көрерменнің жүрегіне жол тартты. Тұрғындардың көзайымына айналған театр әртістері сахна төрінен орын алды. Кеш ерекше ұйымдастырылған. Жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, үздік актерлер марапатталды.
ДУМАН АДЫКЕНОВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының қоюшы режиссері:
– Биылғы жыл бізге жемісті жыл болды. Көптеген гастрольдерге шығып, фестивальдарға қатыстық. 10 жылдан кейін қайталанып тұрған “Үздік ер” бейнесін алдық.
Севара Зияхан