Мәдениет

Сахна саңлақтары марапатталды

Халықаралық театр күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында да аталып өтілді. Кәсіби мереке күні жыл бойы атқарылған жұмыс қорытындыланып, еңбегімен еленген театр қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара барысында шымылдық артында жүрген мамандарға да, ел алдында жүрген актерлерге де Алғыс хаттар мен сыйақыдан берілді.

АЛЕКСЕЙ НИКУЛИН, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Бұл – актерлер мен режиссерлердің ғана емес, театр өнерін сүйетін көрермендердің де мерекесі. Көзі қарақты, талғамы зор көрерменсіз біз алға жылжи алмаймыз. Арадағы байланыс бізге зор жауапкершілік жүктейді. Әр спектакльге дайындық таудай талапты, тынымсыз еңбекті қажет етеді. Спектакль қойылып, ду қол шапалақ естігенде еңбегіміздің ақталғанын ұғынамыз.

 

Данаш Хамза