Құқық қорғау органдары

Петропавлда ағымдағы жылы алаяқтық саны 28 пайызға азайған

Биыл Петропавлда 136 адам алаяқтардың арбауына түскен. Оның 97-і – әлеуметтік желілерде алданғандар. Айта кету керек, бұл статистика былтырғыға қарағанда 28 пайызға төмен. Қала прокурорлары 3 айдың ішінде қуларға алданған 10 тұрғынның 20 млн теңгесін қайтарған. Қалалық қадағалау органы мамандарының сөзінше, биыл шаһарда дропперлердің, яғни, өзгенің ақшасын өзіне аудартып, алаяқтардың қолына беретіндер көбейген. Тиісінше, ақшасы қолды болған жан құқық қоргау органдарына жүгіне алады.

КЕНЕСАРЫ МҰХАМЕДЖАНОВ, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

– Қала прокуратурасы жәбірленушілердің азаматтық талап арызын беру бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес, егер байқамай танымайтын адамға ақша аударсаңыз, сіз қаражатты қайтаруды талап етуге құқығыңыз бар.

 

Нұрасыл Ахмет