“Грация” ансамблі Өзбекстанда өткен “Ташкент – Наурыз” фестивалінен жүлделі оралды. Қыздар қазылар алқасына бес нөмір ұсынып, көрермендердің жүрегін жаулап қана қоймай, бір супер гран-при және төрт гран -при жеңіп алған. Халықаралық байқауға Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан мен Ресей елдерінің бишілері қатысқан.
ЮЛИЯ ДЕМЕШКО, “Жас дарын” өнер мектебінің хореография оқытушысы:
– Біз бұған дейін бірнеше халықаралық байқауға қатыстық, бірақ алғаш рет осындай көп жүлдемен оралдық. Байқауға екі ай дайындалдық. Орта топтан 12 бала, ересек топтан да 12 бала қатысты. Ересек топтың дайындығы жоғары болды. “Көңілді ковбойлар” мен “Қазақ биі” атты билеріміз қос бірдей гран-приге ие болды.
ӘМИНА НАЗЫМБЕК, “Грация” ансамблінің мүшесі:
– Мен бимен 9 жастан бастап айналысамын. Өзімнің мұғаліміме өте ризамын. Себебі, ол бізді көп байқауларға апарады. Біз Ташкентте өткен байқауда екі гран – при алдық.
Севара Зияхан