Құқық қорғау органдары

СҚО-да бес күнде 17 мас жүргізуші ұсталды

Облыста 5 күн ішінде 17 мас жүргізуші ұсталған. Оның 8-і – Петропавл тұрғыны. Сондай-ақ, өткен жұма мен сейсенбі күндері аралығында «102» жедел арнасына 600-ге жуық хабарлама келіп түскен. Оның 40-қа жуығы жол ережесін бұзуға қатысты.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша тіркелген құқық бұзушылық та аз емес. Мұндай 30 қоңырау келіп түскен. Полицейлерге 13 адамды оқшаулауға тура келген. Сондай-ақ, мамандар 14 қылмыс тіркеген. Оның көбі – ұрлық.

 

Данаш Хамза