Өңіріміздегі «Мұнаймаш» кәсіпорны – мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларына қажет жабдықтар өндіруге маманданған. Компания өнімдері жоғары дәлдігімен және беріктігімен ерекшеленеді. Қазір мұнда 150-ден астам қызметкер жұмыс істейді екен. Соның өзінде бұл аздық етеді. Қатарға әлі де инженер-технолог, инженер-конструктор, станок операторы сияқты жұмысшылар қажет.
ФЁДОР ДМИТРИЕВ, «Мұнаймаш» АҚ бас инженері:
– Біз қызметкерлерге жақсы жағдай жасаймыз, қосымша төлемақы тағайындаймыз. Қызметкерлеріміздің орташа жасы шамамен 45 жасты құрайды. Яғни, жас мамандардың аз болуы өндіріс өнімділігіне тікелей әсер етеді. Неғұрлым жастарды ертерек оқыта бастасақ, соғұрлым жақсы.
Жастарды өндіріске тарту ел экономикасының дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз. Осы орайда “Мұнаймаш” кәсіпорнында мектеп оқушыларына арналып экскурсия ұйымдастырылды.
НАЗАР ПОДКОВЫРОВ, оқушы:
– Маған кәсіпорын басшылығының жұмысшыларға деген қарым-қатынасы ұнады. Мұнда қауіпсіздік техникасының сақталуына баса мән береді екен. Экскурсия барысында бос жұмыс орындары мен қалай жұмысқа орналасуға болатындығы жайында ақпарат берілді.
Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Қазір аталған кәсіп түрлерінің мәртебесін арттыруға мән беріліп жатыр. Осы ретте қатарға жастарды тартуда кәсіптік бағдар беру шаралары ұйымдастырылуда. Бүгінгідей экскурсиялар балалардың мамандық таңдауына ықпал ететіні сөзсіз.
Севара Зияхан