Мәдениет

Бүгін – Халықаралық театр күні

Бүгін Халықаралық театр күні ел бойынша аталып өтілуде. Кәсіби мереке сәні мен салтанаты жарасқан облыстық қуыршақ театрында да еленбей қалған жоқ. Өнер ұжымы кішкентай көрермен қонақтарына арнап Борис Заходердің “Отшельник и Роза” атты туындысын сахналады. Спектакль осы уақытқа дейін қара шаңырақта бірнеше рет көрсетіліп, көрермен көзайымына айналған. Қойылым адал достық туралы.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Қойылым толықтай достық жайлы. Біздің актерлеріміз қойылымды сомдайды, ал кішкентай көрермендеріміз оларға көмектеседі.