Спорт

Теріскейлік татами шеберлері жарады

Теріскейлік татами шеберлері кезекті мәрте жарады! Жақында Ақтөбе қаласында кекушинкай каратеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 500-ден астам шығыс жекпе-жегінің шебері қатысты. 65 спортшы Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады. Олар түрлі санаттағы жүлдені қоржынға салды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға табан тіреді. Бөркімізді аспанға атқызған жерлестеріміз бүгін Петропавлға оралды. Намысты жігіттерді теміржол вокзалының алдына жиналған спорт саласының өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері думандатып қарсы алды.

АЯН ТОРТАЕВ, Кекушинкай каратеден алты дүркін ҚР чемпионы:

– Жарыс жақсы өтті. 1 кездесу өткіздім. Кезекті мәрте чемпион атанып қайттым.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, Бүкілқазақстандық кекушинкай карате ұйымы облыстық филиалының директоры:

– Біздің каратешілеріміз еліміздің барлық аймағынан келген спортшылармен күш сынасып, мықты екендерін дәлелдеді. Төккен теріміз зая кетпеді. Қоржынға 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль түсті. Командалық есепте тек Қарағанды облысының өкілдеріне жол бердік. Алдымызда тынымсыз дайындық тұр. Алдағы додаларда көшбасынан табыламыз.