ТЖ

6637 әскери бөлімінің сарбаздары тасқынның алдын алу шараларына белсене қатысуда

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 400-ге жуық үй суға кеткен Тепличное ауылы – басты назарда. Аталған елді мекенде Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің жеке құрамы аянбай еңбек етуде. Олар 1 ай бойы бөгетті нығайту жұмысымен айналысып жатыр. Сарбаздар 7 мыңнан астам қапты құммен толтырып, маңызды істің тез әрі сапалы атқарылуына зор үлестерін қосуда.

ШУХРАТ ӘШІМОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімі қиын-қыстау сәтте облысымызға көмек көрсетуге әрқашан дайын. Бұл – біздің парызымыз деп білемін. Тұрғындардың баспаналарына қызыл су кірмеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Әрине, жұмыс оңай емес. Бірақ, жауынгерлер үшін ең маңыздысы – халықтың амандығы.

 

Нұрасыл Ахмет