Қоғам

Көпқабатты үйлердің аулаларында думан ұйымдастырылды

Наурыз мейрамы Петропавлдағы көпқабатты үйлердің аулаларында да тойланды. Бұл – Қазақстан Конституция көшесі бойында орналасқан 76-шы үйдің алды. Мұндағы думан орталық алаңдағы шарадан кем түспеді. Тұрғындар мәре-сере болды. Балалар асыр салып ойнаса, үлкендер көңілді музыкаға биледі, шаһар басшысының құттықтауын қабылады.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

– Наурыз құтты болсын! Мереке бола берсін!

Құттықтау барысында Серік Мұхамедиев пәтер иелері кооперативінің төрағасына әкімдік атынан сыйлық ұсынды және қалада байқау басталатынын хабарлады.

Байқау соңында үздіктер марапатталмақ. Көп ұзамай аулада думан қызды. Білекті жігттер жілік жарды. Сайысты спорт ардагері Ғалым Өркешов ұйымдастырды.

ҒАЛЫМ ӨРКЕШОВ, спорт ардагері:

– Әртүрлі ережесі бар. Жаңа орталық алаңда жарыс өткіздік. Енді аулаларды аралап жүрміз. – Бір соққымен жілік жарған жігіттер болды ма? – Болды, жаңа 4 жілікті жарған жігіттер болды.

Көрермендердің арасында тазысын ерткен, бүркіт ұстаған азамат та болды. Ит пен балалар жағы таңқалысты, қызыға тамашалады. Думан барлығына ұнады.

– Наурыз құтты болсын! Елімізде тек жақсылық болсын!

– Ауламызда үлкен той болып жатыр. Өте қуаныштымыз.

– Наурыз құтты болсын! Жылда қарсы аламыз. Наурыз көже пісіреміз.

Шара соңында жиналғандардың барлығы астан дәм татты. Қатысушыларға бауырсақ пен палау ұсынылды.

 

Байболат Құлтанов