Құқық қорғау органдары

Жол қозғалысы жас инспекторларының жұмысын жандандыру ұсынылды

Облыстық полиция департаментінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңейтілген отырыс өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов төрағалық етті. Жиынға полиция қызметтерінің басшылары, білім саласы мен прокуратура өкілдері қатысты. Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша өңірде жасөспірімдер қылмысы 60%-ға төмендеген.

– Одним из положительных результатов проведённой профилактической работы в подростковой среде явилось недопущение преступлений, совершённых несовершеннолетними, состоящими на профилактическом учёте в полиции, а также в состоянии алкогольного опьянения.

Спикерлер балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету жобалары, білім беру мекемелерінің техникалық қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйелерінің тиімділігі және мектепке кіруді бақылау жүйелері туралы баяндады.

– Хотелось бы отметить положительную работу управления образования области по внедрению ИИ) 00034 01:14-01:21 (ИИ в режиме реального времени анализирует видеопотоки и выявляет потенциально опасные ситуации агрессивного поведения: драки, толчки, падения и т.д.

Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша жасанды интеллект жүйесі пилоттық жоба аясында 6 білім ұясында қолданылуда. Жиында жолдағы қауіпсіздік туралы да айтылды. Биыл жол-көлік оқиғасынан 12 бала зардап шеккен, оның екеуі – жаяу жүргінші. Жиында жас инспекторлардың жұмысын жандандыру және жол жүру ережелері бойынша арнайы оқу сыныптарын ұйымдастыру ұсынылды.

 

Данаш Хамза