Мәдениет

Ұлттық киім ұлықталған күн

Ұлттық киім – ұлттың сәні. Бүгін Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ұстаздары мен оқушылары ерекше челлендж ұйымдастырды. Мерекелік жиын “Наурызнама онкүндігі” аясында өткізіліп отыр. Білім ұясындағылардың барлығы қазақи нақышта киініп, көпке үлгі көрсетті.

Шара қатысқан жандардың киімдері көздің жауын алады. Әрбіреуінің киген костюмдері ерекше ою-өрнекпен әрленіпті.

СВЕТЛАНА ӘБЖАНОВА, Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия директорының орынбасары:

– Челленджді өңіріміздегі барлық мектептерге жолдаймыз. Ұлттық киім – салт-дәстүріміздің ажырамас бөлігі.

Аталған мектепте 500-ден астам оқушы білім алады. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында олардың барлығы жұма күні қазақи нақышта киім киеді екен.

 

Нұрасыл Ахмет