Қоғам

Полиция қызметкерлері үшін мемлекеттік тіл бойынша көмекші құрал әзірленді

Облыстық полиция департаментінде құжаттармен жұмыс істеу барысында бірізділікті сақтау мақсатында көмекші құрал әзірленді.
Кітапшаның авторы – ведомствоның ақпараттық саясат бөлімінің ұжымы. Үш айлық ізденістің нәтижесінде 80 беттен құралған еңбек жинақталған. Оның ішінде мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттардың үлгілері, әр бөлініске қатысты терминдер сөздігі, тілдесу кезінде жиі қолданылатын көмекші сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 200-ге жуық кітапша полицияның барлық бөліністеріне үлестірілді, сондай-ақ, электронды көшірмелері де жіберілген.

 

Данаш Хамза