Бүгін Петропавлда белсенді жастар “Ұлттық саз” акциясын ұйымдастырды. Ұл-қыздар тұрғындар көп жүретін жерлерге барып, қазақтың ұмыт қалған күйлерін тартты. Рухты әндерін де шырқады. Ерекше шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған. Қыз-жігіттер шара барысында тұрғындармен тілдесіп, музыкалық аспаптар мен орындалған әуендердің шығу тарихы жайлы мол ақпар берді.
САЯЖАН ҚАЛИЕВА, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:
– Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда тұрғындардың көбі ұлттық ән-күйлеріміз жайлы білмейді. Біз сол олқылықтың орнын толтырғымыз келеді. Қалада осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, ұлттық құндылықтарымыз да ешқашан ұмытылмайды.