Темір тұлпар тізгіндеген теріскейліктердің құлағына алтын сырға! Қазақстандықтар сәуір айының алғашқы жұлдызына дейін көлік салығын төлеуі тиіс. Бұл ретте ескеру қажет жайттар бар. Мысалы, жылжымалы мүлікті сатып алған кейбір жеке тұлғалар мынандай талапты білуі қажет.
ЖІБЕК КҮЛІКОВА, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
– Егер көлік “Сенімхат” бойынша сатылса, онда салықты бұрынғы көлік иесі төлеуі тиіс. Тағы бір нұсқа бар. Салықты нақты пайдаланушы да төлей алады. Бұл ретте ол бұрынғы көлік иесінің ЖСН білуі және аты-жөнін дұрыс жазуы қажет.
Жылжымалы мүліктің есепте тұрған кезеңі үшін төленетін салықтың көлемі әртүрлі болады. Ол көліктің тарту күшіне қарай тағайындалады. Көпшілік білетіндей, кейбір отандастарымыз мемлекет қаржысына ақша аудармайды. Яғни, олар салықтан босатылған.
ЖІБЕК КҮЛІКОВА, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
– Көлік салығынан ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, “Батыр ана” атағына ие болған көпбалалы аналар. Егер салық уақытында төленбесе, жеке тұлағаларға өсімпұл есептеледі.
Дегенмен, кейбір темір тұлпар иелері айыппұлдан да, өсімпұлдан да қорықпайды. Статистикаға сүйенсек, өңірімізде 3500 мың жеке тұлға көлік салығын төлеуға құлықсыз.
– Я оплатил налог. Получил уведомление, через два дня закрыл долг.
– Заңды жақсы білемін. Өзім кәсіпкермін, 7 көлігім бар. Барлығына қатысты салықты жаптым. “Міндетті орында, емін-еркін жүре бер” – бұл мен ұстанатын қағида.
Қоса кету қажет, егер көлік салығы ұзақ төленбесе, мемлекет батыл қадамдарға көшеді. Мысалы, тұлғаның мүлкіне тыйым салынады, банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтайды. Сонымен қатар, жауапты азамат ел аумағынан шыға алмай қалуы мүмкін.
Байболат Құлтанов