Құқық қорғау органдары

СҚО-да үш күн ішінде 16 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Полицейлер жіберген статистика жаға ұстатады. Облыста үш күн ішінде 16 жүрізуші әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған. 16-сының бәрі рөлде масаң күйде ұсталған. Еске сала кетейік, қазір полицейлер “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

АРМАН ОРАЗБАЙ, СҚО ПД ППБ инспекторы:

– Полицейлер ескертеді: көлік – жоғары қауіптілік көзі. Оны масаң күйде басқаруға қатаң тыйым салынады. Жалпы, жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші жауапқа тартылған.

Рейд барысында полицейлер 900-ден астам түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Ең жиі кездесетіндері – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефон қолдану жайттары. Сондай-ақ, 36 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

 

Данаш Хамза