Қоғам

Рамазан айындағы қайырымды іс

Жастарға үлгі-өнеге. Жастар ресурстық орталығының өкілдері “Қайырымды істер” марафоны аясында көмекке мұқтаж жандарға азық-түлікпен жәрдемдесіп жүр. Демалыс күні олардың қатарына ювеналды полицияның есебінде тұрған жасөспірімдер қосылды.

ЕЛЕНА ЗАВЬЯЛОВА, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы:

– Аталған қайырымдылық шараға 10-ға жуық кәмелетке толмаған жас қатысуда. Біз оларды қайырымдылық жасай білуге үйренсін деп, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесе алатындарын түсіндіру үшін қатыстырып отырмыз. Шын мәнісінде, бүгінгі шараның тәрбиелік мәні зор.

 

Мәдина Қаби