Қоғам

Өңір жетекшісі көпбалалы отбасыны мерекемен құттықтады

Шаңырақ күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Рамазановтар отбасымен кездесіп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Бектұрған ағамыз бен Жанболсын апамыз – отбасы құндылықтары мен берік қарым-қатынастардың жарқын үлгісі. Олар жарты ғасырдан аса уақыт бірге өмір сүріп, өзара сүйіспеншілік пен құрметті үлгі етіп келеді. Облыс басшысы осы әулетке өзінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық табыс етті.

– Мына сыйлық өзіңізге. Мына телевизорды өзіңіз қай жерге қоям десеңіздер де өз еркілеріңіз.

Бектұрған Құрмашұлы – ширек ғасыр Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылында мектеп басқарып, білім саласының дамуына өз үлесін қосқан ардақты ұстаз. Ал Жұбайы Жанболсын – Бәйкенқызы көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері. Ал балалары қоғамда өз орнын тауып, ата-анасының мақтанышына айналған. Бүгінде ақсақалымыз бен ақ жаулықты әжеміз 7 бала, 16 немере мен 7 шөберенің қызығын көріп отыр.

БЕКТҰРҒАН РАМАЗАНОВ, ардагер ұстаз:

– Бізде қазақта қашан да болмасын осындай жиын-тойлар наурыз айында көбірек болады. Наурыз – өйткені, ескіше қазақтың жыл басы. 14-і – Көрісу мерекесі деп аталады. Соған барлық ағайын-туыс, балалар жиналып, осында қадірлеп айтысып жатыр. 45 жыл ұстаздық қызмет атқарып, өзімнің туған аулым Үлгіде мектепте істеп пенсияға шықтым. Мына жолдасым – жан досым, ол да сол ауылдың азаматшасы. Бұл да сонда әртүрлі жұмыстар істеді.

Рамазановтар әулеті – жұмысына адал, еліне өнегелі отбасылардың бірі. Облыс басшысы кездесу барысында бұл отбасыға бақыт-шаттық және шалқымас қайрат тіледі. Ал жиын соңында барлық әулет мүшелері облыс әкімімен естелік суретке түсті.

“Первый Северный” телеарнасы