МТРА жаңалықтарыҚоғам

ҚХА өкілдері ұлттық тағам әзірлеу бойынша шеберлік сабағына қатысты

Қуырдақ, бүйрек пен бауырсақ. Ескендір Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің аспаздары мен студенттері ҚХА өкілдеріне қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сабағын көрсетті.

Қонақтарға ең алдымен қуырдақ әзірлеу тәртібі түсіндірілді. Дәмхана-мейрамханаларда бұл тағамға деген сұраныс жоғары. Бүйрек пен бауырсақты да көпұлтты елімізде өзге этностар да сүйіп жейді. “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева қазақтың әр ұлттық тағамында терең мән жатыр дейді.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

– Біздің қазақ бауырың бүтін болсын деп бекер айтпаған ғой. Бүгін сол бауырдан бүйрек дайындайтын боламыз. Бұл тағам денсаулыққа өте пайдалы.