Құқық қорғау органдары

Үш солтүстікқазақстандықтан тапанша мен мылтық тәркіленді

Істі болған азаматтың басы тағы да бәлеге ілікті. Полицейлер жақын арада облыстағы аудандардың бірінде заңсыз қару сақтаған 35 жастағы ер азаматты анықтады. Одан «ТТ» тапаншасы мен түрлі қаруға арналған 30-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол қаруды тауып алса керек. Өзі қамауға алынды, тапанша сараптамаға жіберілді. Полицейлер қарудың қылмыстық іске қатысы бар-жоғын анықтауда. Ауыл тұрғыны бұрын ұрлық жасау, көлікті айдап әкету және қарақшылықа барғаны үшін бірнеше рет сотталған екен. Полицейлер оның ауылдасы мен құрдасынан да дара ұңғылы шолақ мылтық пен 8 патрон тапты. Бұл үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Күдіктілер ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүкін.

 

Мәдина Қаби