Петропавлда су жаңа жанармай бекеті ашылды. Заманауи бекет әлемге танымал “Лукойл” компаниясына тиесілі. Мұнда келген жүргізушілерге бар жағдай жасалған. Олар ассортименттерге толы шағын маркетке кіріп, керекті заттарын ала алады. Бүгін кешеннің ашылуына орай салтанатты шара өтті.
Жанармай бекеті Ж.Жабаев көшесі, 214 мекенжайында орналасқан. Кешен бір уақытта 4 көлікті қабылдай алады. Бұл автомобиль жүргізушілерінің уақытын үнемдейтіні сөзсіз. Рөл тізгіндеген жандар қаламызда танымал компанияның жанармай кешені ашылғанына дән риза.
– Маған бекеттегі бензиннің сапасы ұнады. Көлігімнің жүруі шапшаңдады. Бұдан былай тек осы жанармай бекетіне келіп отырамын.
Салтанатта шарадан кейін қала тұрғындарына арналып викториналық ойындар ойнатылды. Сұраққа дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Бүгін шаһарда “Лукойл” компаниясының тағы екі жанармай бекеті ашылды. Олар Пушкин көшесі, 141 және Мамлютка шоссесі, 16 мекенжайларында орналасқан. Айта кету керек, ұйым 1995 жылдан бері қазақстандық көлік жүргізушілерін сапалы бензин және машинаға қажетті маймен қамтамасыз етіп келеді.
Нұрасыл Ахмет