Петропавлда бүгін елордалық мамандардың қатысуымен Орнықты даму мақсаттарына арналған семинар өтті. Оған біздің өңірден жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Орнықты даму мақсаттары белгілі бір аумақтың тұрақты дамуымен тікелей байланысты. Көрсеткіштер бірнеше бағыт бойынша есепке алынады.
НҰРТУҒАН ОРАЛБАЕВ, “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ Орнықты даму мақсаттары хатшылығы директорының орынбасары:
– Бірінші күнгі семинарды Орнықты даму мақсаттарын локализациялау бойынша өткіземіз. Қазіргі таңда 200-ден астам бағытымыз бар. Соның 25-і жоспарларға және қағаздарға енгізілген болатын.
2023 жылы Еуропалық Одақ пен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен өңірлер үшін көрсеткіштер тізбесінің жобасын әзірледі. Сонда Қазақстан 160 мемлекеттің ішінен экономикасының дамуы бойынша 66-шы орынға тұрақтаған. Биыл жазда тағы да
аталған көрсеткіштер есепке алынады. Осыған орай елордалық мамандар өңірге келіп, білімдерімен бөлісуде. Бүгін семинарға мемлекеттік қызметкерлер қатысса, ертең мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысады.
Мәдина Қаби