Қоғам

Петропавлда қыстан бері 800 мың текше метр қар шығарылған

Петропавлда су тасқынының алдын алу мақсатында қар шығару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көшелерден жиналған ақ ұлпа арнайы полигондарға шығарылуда. Маңызды жұмыспен 9 серіктестік айналысады. Мамандар күн-түн демей аянбай етуде.

Алда қауырт кезең келе жатыр. Табиғи апат орын алмауы үшін жауапты шаруа жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұдан бөлек, шаһарда суағарларды тазалау жұмыстары да белсенді атқарылуда.

БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қазіргі уақытта жабық кәріз желілері толығымен тазартылды. Ал ашық жүйелерде 75 пайыз жұмыс аяқталды.

Қазіргі таңда маңызды жұмысқа 170-тен астам техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы қала көшелерінен 800 мың текше метр қар шығарылған.