Қоғам

Спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Әділхан Сырлыбайұлы – Шымкент қаласының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін экономика және менеджмент, құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Таеквондо федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, бұған дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын Сергей Мелехов басқарған болатын. Қазір ол – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Әділхан Сырлыбайұлы 46 жаста. Шымкент қаласының тумасы. Еңбек жолын серіктестікте экономист болып бастаған. Әр жылдары Штаттық ұлттық спорт резерві командалары дирекциясының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болды. Әділхан Сырлыбайұлы, жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Табысты болсын.