Қоғам

Жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Білім ұясына түрлі саладағы мамандар келіп, оқушыларға өздерінің жұмыстары жайлы айтып берді. Ұл-қыздар ерекше шара барысында құтқарушылардың, дәрігерлердің киімдерін киіп, таңданыстарын жасырмады. Маңызды жиын балаларға өмірде өз жолын табуға зор септігін тигізетіні сөзсіз.

НАРҰЛ ОРАЛБАЙ, Химия және биология бағытындағы НЗМ 7-сынып оқушысы:

– Қай саланың болмасын жұмысы қиын екенін түсіндім. Маған құтқарушылардың жұмысы ұнайды.

Оқушылар ерекше шара барысында өңірімізге танымал іргелі кәсіпорындардың өнімдерімен танысты. Ауыр жұмысты иыққа артқан жандар оларға жұмыстары жайлы мол ақпар берді.

БАҚЫТ МҰХАМЕДИЯ, “Зеленый север” ЖШС агрономы:

– Жәрмеңке барысында серіктестікте не өсірелетіндігі жайында айттық. Күніне қанша өнім алатынымыз жайлы ақпар бердік. Мұны естіген балалардың арасында қатты таңқалғандары да болды.

Жәрмеңкеге қаламыздағы колледждердің өкілдері де қатысты. Олар оқушыларға мекемелеріндегі білім беру бағдарламалары жайында айтып берді. Тиісінше, өздеріне оқуға түсуге шақырды.

 

Мәдина Қаби