Қоғам

Еріктілер жұмысшы мамандығын таңдаған нәзікжандыларды құттықтады

Сұлулық пен нәзіктіктің мейрамы. Бүгін жастар ресурстық орталығының ер азаматтары жұмысшы мамандығын таңдаған нәзікжандыларды 8 Наурыз – Халықаралық мерекесімен құттықтады. Олар: сатушылар, аспаздар, өндірісте тер төгіп жүрген қыз-келіншектер. Еріктілер бүгін аталған жандар еңбек ететін нысандарға бас сұғып, мереке иелеріне гүл шоқтарын сыйға тартты.

НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ, волонтер:

– Негізі, шарамыз кеше басталған еді. Кеше біз 15 еріктіні құттықтадық. Бүгін 50-ден астам нәзікжандыны құттықтауға ниеттіміз.

Құттықтау қабылдаған нәзікжандылар бір марқайып қалды. Олар да өз кезегінде қыз-келіншектер қауымын мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.