Қазақстан жаңалықтарыМТРА жаңалықтары

Ұлттық экономика Вице-министрі Бауыржан Омарбеков азаматтарды бір мекенжай бойынша жаппай тіркегені үшін тұрғын үй иелеріне қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты

Оның айтуынша, қазіргі уақытта адамдардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін тұрғын үй иелеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

“Заң жобасымен аталған бұзушылық үшін жауапкершілік екі есеге артады деп болжап отырмыз. Яғни, егер заң жобасы қабылданса, айыппұл 20 АЕК болуы мүмкін. Бұл бұзушылыққа жол берген тұрғын үй иелеріне қатысты”, – деді Бауыржан Омарбеков Үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, жауапкершілік ХҚКО қызметкерлері үшін де қарастырылатын болады.

“Мұнда басқа жауапкершілік болады. Егер бұл бұрмалау болса, онда тіпті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері үшін қылмыстық”, – деп қорытындылады Б.Омарбеков.