Құқық қорғау органдары

«Сақшы арулар» байқауы

– Данный конкурс будет проходить в три этапа. Первый этап сегодня начинаем, это физподготовка. После обеда будете стрелять из пистолета Макарова. Всё это будут принимать у вас сотрудники УСМП.

Облыстық полиция департаментінде шен таққан нәзікжандылардың арасында “Сақшы арулар” атты байқау өтті. Шара 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған. Байқаудың алғашқы кезеңдері спортзал мен тирде өтті. Тергеушілер, криминалистер, кадрлық және әкімшілік блокта қызмет атқаратын қыз-келіншектер ептілік пен төзімділіктерін паш етіп, табельдік қаруды қолданудағы машықтарын көрсетті. Бұдан кейін ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті.

– Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инспекторы полиция майоры Мақпал Айтпайқызы Жамұқова.

Шен таққан нәзікжандылар жан-жақты. Бірі ағылшын тілінде судай сөйлесе, бірі білікті аспаздан артық тағам әзірлейді. Бисерден бұйым жасайтын, бұлбұлша құйқылжытатын, қылқаламмен қағазға жан бітіретін өнерлі қыз-келіншектер де аз емес.

– Вы видели, как готовились, как сегодня выступили, очень хорошая подготовка, посмотрите, какие, оказывается, у них есть хобби, это же даже не хобби, можно сказать, это таланты.

Шенді ханымдардың өнерін қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаз есімі мерекелік салтанатты шарада жарияланады.

 

Данаш Хамза