Қазақстан жаңалықтары

ҚР сауда және интеграция министрлігі сөрелерді қазақстандық өніммен толтыру жөніндегі міндеттемені орындау шартымен Ішкі сауда субъектілеріне қолдау көрсетеді

Бұл туралы министр Арман Шаққалиев мәлімдеді.

“Министрлік жұмысының маңызды бағыты тауарлардың экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыт өнімдердің бағасы мен сапасы бойынша қол жетімділігін ғана емес, сонымен қатар отандық өнімдермен сауданы ынталандыруды да қамтиды. Енді сөрелердің кемінде 50% — ы қазақстандық азық — түлік өнімдерімен және кемінде 20% – ы азық-түлік емес тауарлармен толтырылуы тиіс”, – деді Арман Шакқалиев.

Министр сондай-ақ ведомство тұтынушылық алдауды болдырмау мақсатында тауарлардың сапасы мен экспозициясына қойылатын талаптарды күшейткенін атап өтті. Тауарларды орналастыру кезінде тауарлық көршілік принциптерін сақтау қажет: мысалы, сүт сүт сусынының жанында болмауы керек, ал май спрэдтің жанында болуы керек.