Қоғам

Көгілдір отынның құны өсуі мүмкін

Петропавлдағы “Горгаз-сервис” серіктестігі бағаның төмендеуіне байланысты сотқа жүгінген. Толығырақ айтсақ, компания Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті құнын 25 пайызға көтеру бойынша ұсыныс тастаған. Оған себеп, жанар-жағармай құнының өсуі екен. Мемлекеттік орган өтінішті қабылдамай, керісінше бағаны 4,2 пайызға дейін төмендеткен.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Мәселені талдай отырып, бағаны 1 текше метр үшін 517 теңгеге дейін төмендеттік. Шығарған шешімізбен серіктестік келіспеді. Тиісінше, сотқа жүгініп, оны жеңіп шықты. Департамент шешімі өз күшін жойды.

Департамент қазіргі таңда аталған мәселе бойынша толықтай анализ жүргізуде. Қоғамның қызу талқысына түскен түйткілді қайта қарау мақсатында Петропавлда жиын өтті. Басқосуға қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен тұтынушылар және “Горгаз-сервис” серіктестігінің өкілдері қатысты.

 

Нұрасыл Ахмет