“Жас өркен” – облыс орталығында қарқынды дамып келе жатқан ықшам аудандардың бірі. Тұрғын үйлермен қатар жаңа балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол қолданысқа енгізілген тұста мұндағы мектепке дейінгі тәрбие мекемесіне кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік бермек. Қазіргі күні бұл жерде 3 балабақша жұмыс істегенімен бос орын жоқ.
– Сваи начнем уже бить с сегодняшнего дня. Сваи завезены. Люди настроены.
– Сваи какой длины?
– 6 метров.
– Арматура какая?
– Типовые, 12 метров.
– Вы сваи сами делаете?
– Да.
– Хорошо.
Жоба құны -2 млрд теңге. Балақаша екі қабаттан тұрады. Жалпы аумағы үш мың шаршы метрден асады.
– Оборудование в проекте предусмотрено на 360 миллионов.
– Благоустройство?
– Благоустройство входит в проект.
“Жас өркендегі” емхана деректеріне қарасақ, қазіргі күні бұл жердегі мектеп жасына дейінгі сәбилер саны – 1,5 мың. Ал 280 орынға шақталған балабақша іске қосылған кезде оған 2 мен 6 жас аралығындағы балалар қабылданып, 10-12 топ жұмыс істейтін болады. Әр топта шамамен 20-25 баладан бар.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Тікелей басшы, кім меңгеруші болатынын қазірдің өзінде нақтылап бекіту қажет. Ол осы жобаларды көріп таныссын. Қандай жабдықтар, балабақшаның сыртқы келбеті қандай болуы керектігін қарап, өз ойымен бөлісуі керек.
Облыс әкімі барған келесі нысан – Универсальная көшесіндегі теміржол үстінен салынып жатқан өткел. Ол алдағы уақытта Жұмысшы кентін қала орталығымен байланыстырып, сонымен қатар, көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
– По дорогам – ждем, когда лед и снег растают, чтобы мы могли делать на подпорной стене фундаментную часть. Работа кипит.
Теміржол үстінен салынып жатқан көпірдің құрылысына жұмсалатын қаржының жалпы құны 5 млрд теңгеден асады. Өңір басшысы мердігер компания мен жауапты ведомстволарға жұмыс кестесін қатаң сақтауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.
“Қызылжар” телеарнасы