Бұл туралы ҚР Диабет қауымдастығының президенті Баян Жұманова мәлімдеді. Науқастардың 10%-ы 1 типті қант диабетімен, 90% — ы 2 типті қант диабетімен ауырады. Мектептерде пациенттер дұрыс тамақтануға, қант деңгейін бақылауға, инсулин дозаларын есептеуге және физикалық белсенділікті сақтауға үйретіледі. 1 типті қант диабетімен ауыратын барлық науқастар тегін инсулинмен, глюкометрлермен және сынақ жолақтарымен қамтамасыз етіледі. 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастар үшін ақысыз дәрі-дәрмектер де бар, бірақ сынақ жолақтары шектеулі мөлшерде беріледі. 2024 жылы дәрігерлерді скрининг және оқыту бағдарламалары кеңейтілді. 35 жастан асқан азаматтар жылына бір рет қант деңгейін тегін тексере алады.