Білім

Университетте мектеп оқушылары арасында пәнаралық олимпиада өтті

Білім додасына 400-ге жуық оқушы қатысты. Араларында ауданнан келгендер де аз емес. 10-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен орыс тілі, сондай-ақ, француз, неміс, ағылшын тілдерінен бақ сынастырды. Шараны ұйымдастырушы – университеттегі “Тіл және әдебиеті” институты.

БОТАГӨЗ ТАУҚҰДРЕТОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ “Тіл және әдебиеті” институты директорының орынбасары:

– Шараның мақсаты – балалардың тілге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру және гуманитарлық білімді насихаттау. Сондай-ақ, осы олимпиаданы ұйымдастыру арқылы 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беріп, мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигіземіз.

Нұргүл Серік