Қазақстан жаңалықтары

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев жұмыс орындарындағы жарақат пен өлім-жітімнің жоғары деңгейін атап өтіп, өндірістегі қауіпсіздік мәселелері туралы айтты

“Тағы бір басты міндет — өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өкінішке орай, елдегі жұмыс орындарындағы жарақат пен өлім деңгейі жоғары болып қала береді. Жақында Ұлытау облысындағы “Жомарт” кенішіндегі қайғылы оқиға-бұған дәлел”, – деді Сенат спикері.

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдары өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны едәуір өсті.
Олардың 80% – дан астамы ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда болды.

“Сонымен қатар, елде барлық қажетті заңнамалық база бар. Депутаттар тиісті заңдарды уақтылы қабылдайды.
Осыған байланысты заңнаманың орындалуын бақылауды күшейту, алдын алу шараларын кеңейту және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру маңызды. Бұл бағытта бизнес, еңбек инспекциясы және өнеркәсіптік қауіпсіздік органдары тарапынан белсенді жұмыс жүргізілуі тиіс деп санаймын”, — деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.