Алуа Ғаббас келешекте құрылысшы болуды армандайды. “Бұл кәсіп қиын болса да қызықты”,- дейді болашағынан зор үміт күттіретін бұрымды. Қожаберген жырау атындағы 6-шы орта мектебінің 9-шы сыныбында оқитын Алуа бүгін жұмысшы мамандықтар бойынша өтіп жатқан облыстық байқауға қатысуда.
АЛУА ҒАББАС, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы:
– Мен бүгін құрылысшы мамандығым таңдап тұрмын. Маған дизайнерлік, құрылысшы мамандығы қатты ұнайды. Үй салған өте қызықты.
Гуманитарлық-техникалық колледжінде өтіп жатқан “Жасөспірімдердің шеберлігі-2025” байқауына 100-ге жуық жасөспірім қатысып жатыр. Олардың таңдаған бағыттары әр түрлі: техник, құрылысшы, шебер, электрмонтаждаушы. Барлығы – 7 бағыт ұсынылған.
АЛМАТ МӘКІШЕВ, Гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасары:
– Басты мақсатымыз – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіріп, сұранысына назар аудару.
Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Бірінші, балалар белгілі бір тапсырмаларды орындап, тест тапсырды. Кейін оның барлығын іс жүзінде көрсетіп, білімдерін ортаға салды.
Байқау кешке дейін жалғасады. Конкурс соңында – тосый сый. Қатысушылар таңдаған бағыты бойынша құралған тест сұрақтарына жауап береді. 60 сұраққа ең көп дұрыс жауап берген үш бала аталған колледжде тегін оқуға мүмкіндік алады.
Мәдина Қаби