Қоғам

Бүгін – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

Облысымызда 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Олардың жартысынан көбі өңіріміздің дамуына белсенді атсалысуда. Бұл бірлестіктердің басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту әрі азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, тұрғындар мен биліктің арасында байланыс орнату. Бүгін – осы жүкті арқалап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби мерекесі. Осыған орай “Qyzyljar” креатив орталығында іс-шара өтті.

КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, “СҚО Азаматтық альянсы” қауымдастығының мүшесі:

– Үкіметтік ұйымдар сала таңдамайды. Қай бағытта болмасын ауқымды істер атқарады. Биыл Петропавлда үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық форумы өтеді.

Жиында өңіріміздің дамуына зор септігін тигізіп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері марапатталды. Соның бірі – “Рух Тіл Жаңғыру” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуар Тоқпан. Өңірде қазақ тілінің өркендеуіне еңбек сіңіріп жүрген азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ӘНУАР ТОҚПАН, “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ төрағасы:

– “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ 2018 жылы құрылған. Ұйым көбінесе жастармен жұмыс істейді. Оларды патриот болуға тәрбиелейміз.

Айта кету керек, үкіметтік емес ұйымдар өңірде өткен жылы 414 млн теңгенің 120 жобасын жүзеге асырған.

 

Нұрасыл Ахмет