Қазақстан жаңалықтарыМТРА жаңалықтары

ҚР Әділет министрлігінде тегін заңгерлік кеңес беру үшін чат-ботты іске қосу ұсынылды

“Азаматтардың өтеусіз негізде құқықтық кеңес алу тетігін пысықтап жатырмыз. Қазір мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында кеңес алу үшін азаматтар адвокаттарға немесе заң кеңесшілеріне жүгінеді. Бұл процедураны оңтайландыру үшін азаматтарға “үйден шықпай-ақ” кеңес беру үшін чат – ботты енгізу ұсынылады”, – деді министр Үкімет отырысында.

Осы қаражат есебінен үнемделген қаражатты сот өкілдігіне еңбекақы төлеу тарифтерін ұлғайтуға бағыттау ұсынылады.

“Заң консультанттары қызметінің мәселелерінде мамандыққа, азаматтыққа кіру, бірыңғай стандарттарды белгілеу жөніндегі талаптарды өзгерту пысықталуда, заң көмегін көрсету сапасының критерийлері, сондай – ақ заңгердің кәсіби әдеп кодексі”, – деп толықтырды Еран Сәрсембаев.