Мәдениет

ҚХА-ның 30 жылдығына арналған шара

Ерекше мектептегі ерекше шара. Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толады. Осыған орай бірнеше ұлтттың балалары білім алып жүрген 17-ші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ұл-қыздар шараны әрі Алғыс айту күніне арнаған. Өнерлі жеткіншектер өнер көрсетуді “Әрқашан күн сөнбесін” әнімен бастады.

Бұдан кейін Ассамблея өкілдеріне мектепішілік экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтарды оқушылар өнер көрсете отырып қарсы алды.

17-ші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені – өңірдегі іргелі білім ұяларының бірі. Мұнда 2 мыңға жуық бала оқиды. Арасында 20 ұлттың өкілі бар. Мектеп ұжымы өскелең ұрпақты сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуде Ассамблея өкілдерімен етене еңбек етеді. Нәтиже мол.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ төрайымы:

– Осы мектептің оқушылары Ассамблея орталығында өткізілетін шараларға белсенді түрде қатысады. Мереке күндерін бірігіп өткіземіз.

Ұлттық өркендеу мектебінде балалар қазақ және орыс тілдерінде сабақ оқиды. Сондай-ақ, 10 ұлттық бөлім бар. Мұнда кез келген бала өз тілінде болсын, өзге тілде болсын тіл үйрене алады. Фатали Чахаловтың ұлты түрік. 10-шы сыныптың оқушысы біз үшін мұндай шарлардың маңызы зор дейді.

ФАТАЛИ ЧАХАЛОВ, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Өзім түрік болсам да қазақ жерінде тұрып жатқандықтан қазақ тілін сыйлайға міндеттімін. Қазақ тілін түсінемін, бірақ дұрыс сөйлей алмаймын. Негізі, қазақ тілі түрік тілі бір-біріне ұқсайды. Бүгінгідей шараға белсенді қатысамыз, бұл біздің ауызбіршілігімізді арттыра түседі.

Айта кетейік, ұлттық өркендеу мектеп-кешеніне келесі жылы 35 жыл толады.

 

Мәдина Қаби