Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) автоматтандырылған есептеу бойынша пилоттық жоба әзірленуде

Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) автоматтандырылған есептеу бойынша пилоттық жоба әзірленуде, деп хабарлады Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының салуына берген жауабында.

“Бүгінгі таңда ҚҚС-ты Автоматтандырылған есептеу және ҚҚС-тың баланстық сомасын есепке алу бойынша пилоттық жобаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жоба салық төлеушіні салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша болжамды салық міндеттемелері туралы алдын ала хабардар ету мақсатында әзірленді “e-Тамга” арнайы ақпараттық сервисін пайдалана отырып, ҚҚС – ты Автоматтандырылған есептеу және ҚҚС баланстық сомасын есепке алу бойынша пилоттық жобаны жүргізу тәртібін айқындайды”, – делінген құжатта.

“E-Тамга” сервисі салық төлеушілерге өздерінің салық міндеттемелері туралы деректерді алдын ала алуға мүмкіндік береді, бұл салық есебінің ашықтығын арттырады және ҚҚС есептеу процесін жеңілдетеді.