Бүгін Петропавлдағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде мектеп оқушыларына арналып “Ашық есік күні” шарасы ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстары барысында қаладағы жер үйлердің бірінен өрт шығып, мамандар 1 минуттың ішінде келеңсіз оқиға болған жерге аттанды. Ұл-қыздар осы арқылы құтқарушылардың жұмысы қандай қиын екеніне көз жеткізді. Қалған мамандар қыз-жігіттерді нысанның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқушылар жиын барысында сан жылғы экспонаттар сақталған музейде болды.
НҰРТАС НҰРМАН, қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:
– Шара барысында біз өзіміздің жұмысымыз жайлы толық ақпарат береміз. Оқушылар бір сәт өздерін құтқарушы сезіне алады.