Денсаулық сақтау

СҚО-да алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқасқа ота жасалды

Аймақта жасалған алғашқы операция! Өңірдің денсаулық сақтау саласында бұрын-соңды болмаған жайт тіркелді. Көпбейінді облыстық аурухана қабырғасында астаналық эпилептолог және дәрігер-нейрохирург шеберлік сабағын өткізді. Ол эпилепсияға шалдыққан 45 жастағы науқасқа ота жасады. Азаматшаны аталған дерт 5 жыл көлемінде мазалап келіпті. Соңғы уақытта дәрі-дәрмек әсер етпейтін болған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жерлесімізге электронды қондырғы қойылды. Заманауи жабдық эпилепсияны сиретеді, қатты ауырсынуды болдырмайды.

БАЛХАР ШАТУЕВ, облыстық көпбейінді ауруханасы нейрохиругия бөлімшесінің дәрігер-ординаторы:

– Мұндай ота эпилепсияның аса күрделі түріне шалдыққан науқастарға жасалады. Тырысқақ асқынған жағдайда дәрі-дәрмекке бой бермейді. Қуанышымызға орай, қазір елімізде бұрын бәріміз армандаған операция жасалып жатыр. Сол Петропавлға да жетті. Өзіміздің жоспарымыз бар. Біз алдағы уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында бірегей отаны өзімізде жасайтын боламыз. Бұл ақысыз негізде жүзеге асады.

 

Байболат Құлтанов