М.Жұмабаев ауданында полицияның халық алдындағы есептік кездесуі өтті.
Жиынға аудан әкімі мен ведомство басшысы қатысты. Мамандардың айтуынша, ауданда кісі өлтіру 50 пайызға азайған. Мал ұрлығы да әжептәуір сирепті. Алаяқтық пен интернет-алаяқтық 21 және 14 пайызға төмендеген. Ал істі ашу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. Полицейлер қауіпсіздікті күшейту мақсатында бейнебақылау жүйесінің қамту аясының ұлғайтылып жатқанын айтты. Ауданда қазір 90-нан астам көшелік камера жұмыс істеп тұр екен. Оның 80-ге жуығы Булаево қаласында орналасқан. Аудан орталығындағы 4 мектепте 80-нен астам камера қойылған. 18 ауылдық округтің әрқайсысында жаңа алты құрылғыдан орнату жоспарланып отыр.